Орыс соғыс ұшақтары Идлибті бомбалады

Идлиб Азаматтық Қорғаныс топтарына қарағанда шабуылда Джубас ауылында 5 бала, барлығы 8 жазықсыз адам қаза тапты.

1328732
Орыс соғыс ұшақтары Идлибті бомбалады

Ресейдің Сириядағы Идлибте дағдарысты азайту аймағында жазықсыз адамдарға жасаған әуе шабуылында көпшілігі бала 8 адамның қаза тапқаны білдірілді.

Оппозицияға тиесілі ұшақ бақылау орталығына қарағанда орыс соғыс ұшақтары Серакиб ауданының төңірегі мен Маршурин, Бабила және Джубас ауылдарына шабуылдады.

Идлиб Азаматтық Қорғаныс (Ақ дулыға тобы) топтарына қарағанда Джубас ауылында 5 бала, барлығы 8 жазықсыз адам қаза тапты.

Азаматтық Қорғаныс топтары бір жақтан іздеу-құтқару және үйінділерді тазалау жұмыстарын жалғастырғанда, бір жақтан болса шабуылдан қашқан жазықсыз адамдарды қауіпсіз аймақтарға эвакуациялауға тырысуда.

Орыс соғыс ұшақтарының сондай-ақ жазықсыз адамдардың бомбаланған тұрғын аймақтарынан Сирия-Түркия шекарасы маңындағы аймақтарға қашу бағыттарында бомбалағаны білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар