АҚШ-Талибан кездесуіне үзіліс берілді

АҚШ-Талибан бейбітшілік кездесулеріне Баграм әуе базасына шабуылдар себепті үзіліс берілді.

1323116
АҚШ-Талибан кездесуіне үзіліс берілді

Бір аптаның алдында қайта басталған АҚШ-Талибан бейбітшілік кездесулеріне Баграм әуе базасына шабуылдар және Талибан өкілдерінің осы тақырыпты лауазымдыларымен кеңесуі мақсатымен уақыттық үзіліс берілді.

АҚШ-тың Ауғанстан арнайы өкілі Залмай Халилзад әлеуметтік ақпарат желісінен жасаған мәлімдемесінде бірнеше күннің алдында АҚШ-тың Баграм әуе базасы маңында болған бомбалы шабуыл және қарулы шабуылдар себепті қайғылы екенін Талибан өкілдеріне жеткізгенін білдірді.

Талибанның бейбітшілікке деген тілегін көрсетуі керектігін айтқан Халилзад ұйымның аталмыш тақырыпта ауған халқының үмітіне қалай жауап беретінін асыға күткенін жеткізді.

Халилзад 2 бейуаз қаза тапқан шабуыл және Талибан өкілдерінің осы тақырыпты лауазымдыларымен кеңесуі мақсатымен уақыттық үзіліс берілгенін атап өтті.

АҚШ-Талибан бейбітшілік кездесулерінің бірнеше күннен кейін қайта басталатыны білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар