Ирактың Зикар уәлаяты губернаторы отставкаға кетті

Зикар уәлаяты губернаторы Әділ Дулейли жазықсыз адамдарды қорғай алмағаны себепті отставкаға кеткенін жариялады.

1315313
Ирактың Зикар уәлаяты губернаторы отставкаға кетті

Ирактың оңтүстігіндегі Зикар уәлаятындағы шерулерде жазықсыз адамдар өлтірілген соң губернатор Әділ Дулейли отставкаға кеткенін жариялады.

Отставкасының артынан жергілікті бір телеарнада сұхбатқа қатысқан губернатор «Қала халқын қорғай алмайтын бір губернатор отставкаға кету керек» деді.

Зикарда премьер-министр Әділ Абдулмехдидің тапсырмасымен құрылған төтенше жағдай тобы құрамындағы генерал Джемиш эш-Саммаридің шерушілерге қарсы қатаң күш қолдлану бұйрығы бергені алға тартылған еді. Осы жағдайдың артынан Абдулмехди Шаммариді міндеттен босатқан болатын.

Иракта қауіпсіздік күштерінің Зикар уәлаятында үкіметке қарсы шерулерінде 32 адам қаза тауып, 230 адам жарақат алған еді.


Этикеттер: #Ирак

Ұқсас жаңалықтар