Сирия атазаңын дайындау жиналысы нәтижесіз қалды

Оппозицияның БҰҰ-на толық келгеніне қарамастан режимнің келіспеуші ұстанымы себепті жиналыстар басталмады.

1313791
Сирия атазаңын дайындау жиналысы нәтижесіз қалды

Швейцариядағы Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) Женева офисінде дүйсенбі күні басталуы жоспарланған Сирия Атазаң комитеті 45 адамнан тұратын кеңес жиналысын Башар Асад режиміне өкілдік жасайтын делегацияның күн тәртіпте жоқ тақырыптарды келіссөз комитетіне әкелгені себепті бастай алмай отыр.

Кеше оппозиционерлердің БҰҰ-на толық келгеніне қарамастан режимнің келіспеуші ұстанымы себепті жиналыстар басталмады.

Сирия Атазаң комитетінің оппозиция тең төрағасы Хади әл-Бахра журналисттерге жасаған мәлімдемеде режимнің комитеттің күн тәртібі және атазаңның негізіне қатысты жоқ тек қана бір ұсыныс жасағанына назар аударды.

Режимді ынталандыру мақсатты өздерінің 3 бөлек ұсыныс жасағанын атап көрсеткен Бахра олардың толығымен қабылданбағанын білдірді.

Бахра режим тарапынан дайындалатын жаңа Сирия атазаңына қатысты ұсынатын барлық жобаны талқылауға дайын екендерін атап, «Біздің тұрғымыздан қарайтын болсақ, осы жерге атазаң тақырыптарын қолға алуға келдік. Режим болса атазаң келіссөздерін қабылдамауда» деді.

Режимді ертең БҰҰ Женева офисінде ортақ жиналысқа шақырған Бахра еліндегі дағдарысты жою және әділетті қамтамасыз ету үшін оппозиция ретінде барлық талпынысты жалғастыратындарын атап көрсетті.

Комитеттің режим тең төрағасы Ахмед Кузбари болса ұсыныстарының «терроризммен күрес, санкциялардың жойылуы және Бейбітшілік бұлағы операциясы себепті Түркияның айыпталуын» қамтығанын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар