БҰҰ Идлибке жасалған қанды шабуылды айыптады

Идлибтегі шатыр кентке жасалған шабуылда 12 адам қаза тапты, 50-ден астам адам жараланды.

1310533
БҰҰ Идлибке жасалған қанды шабуылды айыптады

Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) Сирияда Башар Асад режимінің Идлибте бір шатыр кентте 12 жазықсыз адамның өліміне себеп болған шабуылын айыптады.

БҰҰ Сирия істері жөніндегі арнайы өкілі Геир О. Петерсеннің арнайы кеңесшісі Нажат Рочди кеше Идлибтің солтүстігіндегі Ках ауылындағы шатыр кентке жасалған және 12 жазықсыз адам қаза табуына себеп болған шабуылмен байланысты жазбаша мәлімдеме жасады.

Аймақтан келген хабарларға қарағанда режим аймағынан шатыр кентке бағытталған бір зымыранның атылғанын атап көрсеткен Рочди зымыранның бір перзентхана маңында жарылғанын білдірді.

Рочди «Тұрғын саны өте көп болған шатыр кент босқын лагеріне жасалған зымыран шабуылының ең қатаң түрде айыпталғанын» атап, 50 жазықсыз адамның болса жарақат алғанын, құрбандар арасында балалар да бар екенін мәлімдеді.

Жазықсыз адамдардың баспаналарын тастап кетуге мәжбүрленгенін, кейбіреулердің өте қиын шарттарда өмір сүргенін атап көрсеткен Рочди ауа райы салқындаған бір кезеңде шабуылмен көптеген шатыр мен баспанаға зиян келгенін білдірді.

Бала құқықтары туралы конвенцияның БҰҰ-да 1989 жылы 20 қараша күні қабылданғанын айтқан Рочди шабуылдардың әсіресе 20 қараша Бүкіләлемдік Бала құқықтары күнінде жасалуының өкінішті екенін білдірді.



Ұқсас жаңалықтар