Ресейдің Идлибке шабуылдары жалғасуда

Ресейдің Идлиб Дағдарысын азайту аймағындағы елді мекендерге әуе шабуылдарында бір отбасынан 2 бала мерт болды.

1306756
Ресейдің Идлибке шабуылдары жалғасуда

Сирияда Ресейдің Идлиб Дағдарысын азайту аймағындағы елді мекендерге ұйымдастырған ауыр әуе шабуылдарында бір отбасынан 2 бала мерт болды.

Оппозицияға қарасты ұшақ бақылау орталығының хабарына қарағанда Орыс соғыс ұшақтары Идлиб Дағдарысын азайту аймағы шекарасы ішіндегі таулы өңірлердегі елді мекендерге ауыр әуе шабуылдарын ұйымдастырған.

Асад режимі де Идлибтің оңтүстік таулы аймағындағы көптеген ауданға және ауылға әуеден және құрлықтан ауыр шабуыл ұйымдастырды.

Азаматтық қорғаныс ұйымының білдіруіне қарағанда Асад режимі, Иранның қолдауындағы шетелдік террорист топтар және Ресейдің Идлибте өткен ай азаматтық елді мекендерге жасаған шаубылдарында13 баланы қамтыған 75 бейуаз азамат қаза тапқан.



Ұқсас жаңалықтар