Садр қозғалысынан АҚШ-қа қатаң наразылық

Ирактағы Садр қозғалысы АҚШ бақылауында ерте сайлау өткізуді қабылдамағандарын атап көрсетті.

1304883
Садр қозғалысынан АҚШ-қа қатаң наразылық

Ирактағы Садр қозғалысы басшысы Муктеда эс-Садр АҚШ бақылауында ерте сайлау өткізуді қабылдамағандарын атап көрсетті.

Садр твиттер мәлімдемесінде Ақ Үйдің 1 қазаннан бері Иракта жалғасқан үкіметке қарсы шерулер үшін жасаған ерте сайлау шақыруына жауап қайтарды.

АҚШ-тың шақыруына қатаң түрде наразылық көрсеткен Садр «АҚШ тағы бір рет басқыншы екенін дәлелдеді. Өзгенің жұмыстарына араласқысы келеді» деді.

Садр Ирактың тағдырының нағыз иелерін халықтың белгілейтінін атап, «Ерте сайлау сұранысын жасап едік. Дегенмен АҚШ-тың бақылауында (сайлау) өтетін болса осыған үнсіз қарамаймыз» деді.

Шиіт басшы Садр сондай-ақ АҚШ-тың Иракты Сирия немесе басқа бір қақтығыс аймағына айналдыруына рұқсат бермейтіндерін атап көрсетті.

Ирак Мәжілісіне қарасты Адам Құқықтары комиссиясы елде 1 қазан күнінен бері шыққан шерулерде қаза тапқандар санының 319, жаралы санының 15 мыңға ұласқанын жариялаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар