Пан Ги Мун президент Ердоғанға құрмет көрсететінін айтты

Пан Ги Мун Сирия тақырыбындағы бастамаларына орай президент Режеп Тайып Ердоғанға құрмет көрсететінін айтты.

1303117
Пан Ги Мун президент Ердоғанға құрмет көрсететінін айтты

Біріккен Ұлттар Ұйымының 8-ші Бас хатшысы Пан Ги Мун Сирия тақырыбындағы бастамаларына орай Түркия Республикасының президенті Режеп Тайып Ердоғанға құрмет көрсететінін айтты.

Әлемдегі басты халықралық платформалардан Global HR Forum-ның 14-шісі  "Бірге тамаша болашаққа" ұранымен 6-7 қарашада Оңтүстік Кореяның астанасы Сеульде ұйымдастырылды.

Біріккен Ұлттар Ұйымының 8-ші Бас хатшысы Пан Ги Мун құрметті қонақ болған форумға Түркиядан Салим Атай қатысты. 

Салим Атай форум аясында Пан Ги Мунмен кездесті. Кездесуде Пан Ги Мун Сирия тақырыбындағы бастамаларына орай президент Режеп Тайып Ердоғанға құрмет көрсеткенін білдірді. 

Атай мен Пан Ги Мун Түркияның адами ресорустар саласында көрсеткен дамуларына және халықаралық саладағы белсенді саясаттарына тоқталды.



Ұқсас жаңалықтар