АҚШ-тың қарулары террористтердің қоймасынан табылды

YPG/PKK-ға тиесілі үлкен бір қару-жарақат қоймасынан АҚШ өндірген минометтер тәркіленді.

1299829
АҚШ-тың қарулары террористтердің қоймасынан табылды
abd havan topları muhimmat silah.jpg

Бейбітшілік бұлағы операциясында террордан тазаланған Сирияның Расулайн ауданында террор ұйымы YPG/PKK-ға тиесілі үлкен бір қару-жарақат қоймасы табылды.

Қоймада АҚШ-қа тиесілі минометтер ортаға шықты.

Сирия шекарасындағы Расулайн ауданында Түрік Қарулы күштері мен Сирия Ұлттық армиясы іздестіру жұмыстарын жалғастыруда.

Қауіпсіздік жұмыстары барысында Сирия Ұлттық армиясы күштері террористтерге тиесілі үлкен бір қару қоймасын тәркіледі.

Қоймада үсінде ағылшын тілінде техникалық мағлұматтар жазылған көптеген қару-жарақ сандығы табылды.

АҚШ тауары екені анықталған 60 шақты оқ-дәрі сандығының әрқайсысында екі екіден миномет оғы тәркіленді.

120 миллиметр калибрлік минометтердің 8 километрге дейін ықпалды екені белгілі.

Президент Режеп Тайып Ердоған АҚШ-ты YPG/PKK-ға он мыңдаған жүк көлігімен қару-жарақ және оқ-дәрі жіберіп одақтастық қарым-қатынастарына зиян келтіргендері тақырыбында ескерткен болатын.



Ұқсас жаңалықтар