Ресей НАТО-ны сынға алды

Мәлімдемеші Захарова НАТО-ның Украина тақырыбында елді бөлшектеуді ынталандыратын қадамдар басқанын мәлімдеді.

1298683
Ресей НАТО-ны сынға алды

Ресей Сыртқы істер министрлігі мәлімдемешісі Мария Захарова НАТО-ның Украина тақырыбында елді бөлшектеуді ынталандыратын қадамдар басқанын мәлімдеді.

Захарованың Ресей Сыртқы істер министрлігі парақшасында орын алған мәлімдемесінде НАТО-ның Украина тақырыбындағы бастамалары бағаланды.

НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенбергтің бір күн бұрын Украинаға барғанын еске салған Захарова НАТО лауазымдыларының Ресейге бағытталған негізсіз айыптаулар жасағанын жеткізді.

Украина мәселесінде Минск келісімі аясында ортаға қойылған талпыныстардың НАТО тарапынан назарға алынбағанын тілге тиек еткен Захарова «НАТО қиратушы түрде қозғалуда және дағдарыс сатысын көтеру үшін қадам басуда» деді.



Ұқсас жаңалықтар