АҚШ әскери керуені Түркия шекарасына қайта оралды

Сирияның солтүстігінен кері шегінген АҚШ армиясы кейбір әскери көліктерін қайтадан аймаққа жіберді.

1298541
АҚШ әскери керуені Түркия шекарасына қайта оралды

Түркия жүзеге асырған Бейбітшілік бұлағы операциясы кезінде Сирияның солтүстігінен кері шегінген АҚШ армиясы кейбір әскери көліктерін қайтадан аймаққа жіберді.

Сейсенбі күні 8 сауытты көлікте 30 шақты АҚШ әскері Камышлы ауданының оңтүстік батысындағы Телль-Байтар базасына барды. АҚШ осы базадан да Бейбітшілік бұлағы операциясы басталған кезде  шегінген болатын.

Кеше Телль-Байтардан көліктерімен қозғалған АҚШ әскерлері керуендегі жүгі жоқ көліктермен M4 құрлық жолы арқылы Телль-Темирге артынан Айн-Иса ауданына ұласты.

АҚШ әскерлері өткен кезде M4 трассасы арқылы режим күштері кері шегінді. Айн Исадан келе жатқан керуен АҚШ әскерлерін Сыррин ауданына жеткізді.

Сыррин Сирия-Түркия шекарасындағы Айн әл-Араб ауданының оңтүстігінде орын алады.



Ұқсас жаңалықтар