Пластикалық өнімдерге тыйым салынды

Руанда бір рет қолданылатын пластикалық өнімдерге тыйым салды.

1292501
Пластикалық өнімдерге тыйым салынды

Шамамен 10 жыл бұрын пластикалық пакеттердің қолдануға тыйым салған Африкада қоршаған ортаны қорғаудағы көшбасшы ел-Руанда енді бір рет қолданылатын пластикалық өнімдерге тыйым салды.

Руанда Қоршаған орта министрі Венсент Бирута жергілікті журналистерге брифинг беріп,  бір рет қолданылатын пластикалық өнімдерді сататын және импорт ететіндер үшін 3 айлық мерзім берілгенін білдірді.

Көбіне пластикалық стакан, табақ секілді азық-түлікке байланысты өнімдерге келтірілген тыйым пластикалық қорап және шар секілді өнімдерді де қамтиды.

Жаңа заң осы өнімдердің өндірісіне де 2 жыл ішінде тыйым салынуын көздеп отыр.

Заң арқылы пластикалық қоқысты азайту мақсат етіледі. Сонымен бірге бір рет қолданылатын шишаларда өнім сататын компанияларға да қоқыс жинау және қайта өңдеу міндеттемесі берілді.



Ұқсас жаңалықтар