Сирия Ұлттық армиясына шабуылдады

Үш әскер шейіт болды, 18 әскер жарақат алды.

1292487
Сирия Ұлттық армиясына шабуылдады

Сепаратистік террорлық ұйым YPG/PKK террористтері «Бейбітшілік бұлағы» операциясына қатысқан Сирия Ұлттық армиясының әскерлеріне бомбалы шабуыл жасады.  Үш әскер шейіт болды, 18 әскер жарақат алды.

Түркия мен Америка Құрама Штаттары арасында қамдалған,  террористтердің 120 сағат ішінде аймақтан кетуі мақсат етілген келісімді террористтер бұзуда.

Террористтер Шанлыурфаның Акчакале ауданының қарсы жағындағы Сирия жеріндегі Телль-Абияд маңында майдан желісіндегі Сирия Ұлттық армиясына жанкешті шабуыл ұйымдастырды.  Шабуылда Сирия Ұлттық армиясының үш әскері шейіт болды.  Он әскер жарақат алды.

Джейланпынар ауданының қарсы жағындағы Сирия жерінде Ресулайнда да Сирия Ұлттық армиясы әскерлеріне шабуыл жасалды.  Сегіз әскер жарақат алды.

9 қазан күні басталған «Бейбітшілік бұлағы» операциясына қатысқан Сирия Ұлттық армиясынан қазірге дейін 84 әскер шейіт болды. 310 әскер жарақат алды.



Ұқсас жаңалықтар