Марк Эспер Кабулге барды

Марк Эспер Ауғанстан президенті Ашраф Ғанимен кездесті.

1291429
Марк Эспер Кабулге барды

Ауғанстанның бас қаласы Кабулге тосын сапар ұйымдастырған Америка Құрама Штаттарының Қорғаныс министрі Марк Эспер Ауғанстан президенті Ашраф Ғанимен кездесті.

Президенттік сарайда өткен кездесуге Америка Құрама Штаттарының Ауғанстандағы өкілетті және төтенше елшісі Джон Басс, НАТО-ның Ауғанстандағы қолбасшысы Скот Миллер де қатысты.

Америка Құрама Штаттары Қорғаныс министрі Ауғанстан президенттік сайлауының табысты өткеніне деген қуанышын жеткізді. Эспер АҚШ-тың ауған қауіпсіздік күштеріне деген қолдауының жалғасатынын айтты.

Президент Ғани де Америка Құрама Штаттарына қолдауына орай алғыс айтып,  үкіметтің жемқорлықпен күрес тақырыбында үлкен күрес жүргізіп жатқанын білдірді.

Кездесуде Талибанмен бейбітшілік келіссөздері де қолға алынды.

Ауғанстанда НАТО құрамында міндет атақаратын 14 мың АҚШ әскері бар.



Ұқсас жаңалықтар