Эспер: "НАТО ортағымыз Түркияға қарсы Орталық Шығыста бір соғыс бастай алмаймыз"

Марк Эспер: "Түркияның ілгерлеуіне Американ күштерінің кедергі болмауы керектігін ойладық" деді.

1287273
Эспер: "НАТО ортағымыз Түркияға қарсы Орталық Шығыста бір соғыс бастай алмаймыз"

Америка Құрама Штаттарының Қорғаныс министрі Марк Эспер Түркияның  Сирияның солтүстік аймақтарында бөлшектеуші террористік ұйым YPG/PKK-ға қарсы бастаған Бейбітшілік бұлағы операциясына байланысты:

"Бізбен бірге Кореядан Ауғанстанға дейінгі елдерде бірге соғысқан, ұзақ уақыттық НАТО ортағымыз Түркияға қарсы Орталық Шығыста бір соғыс бастай алмаймыз. Біз үшін мұндай жағдайдың болуы мүмкін емес" деп көрсетті.

Марк Эспер Fox News телеанрасында Түркияның Бейбітшілік бұлағы операциясына байланысты бағаландыру жасады.

"Түркияның өздерін өте нашар жағдайға түсіргенін" айтқан Марк Эспер:

"Наразылықтарымызға қарамай түріктер бастапта ниет қылған тереңдіктен тіпті ілгерлеп, батыс пен шығысқа операцияларын кеңейтетінін білеміз. Бұл қауіпсіз аймақты 30 километрден тереңге және 440 километрге кеңейтеді. Сонымен бірге Сирия Демократиялық күштері 24 сағат ішінде орыстар және сириялықтармен келісім жасасты. Бұл АҚШ әскерлерін Сирия-Ресей армиясы мен Түрік армиясы арасында қалдырады. Бұл бізді нашар жағдайға соғады, мен үшін ең маңыздысы әскерлеріміздің амандығы" деді.

Марк Эспер: "Мыңнан аз әскерімізді аймақтан қауіпсіз шегеруді ойластырудамыз. Уақыт белгілей алмаймын, ол жерде оқиғалар сағатына өзгеріп тұрады" деп көрсетті..

АҚШ-тың күшті қолдау алған 15 мың кісілік Түрік Қарулы Күштерін тоса алмайтындарын білдірген Марк Эспер Түркияны келіссөздерде иландыруға талпынғандарын және ілгерлеу болды деп ойлағандарын, алайда бұлай болмағанын байқағандарын айтты. 

Марк Эспер:

"Түркияның ілгерлеуіне Американ күштерінің кедергі болмауы керектігін ойладық" деді.

Марк Эспер:

"Бізбен бірге Кореядан Ауғанстанға дейінгі елдерде бірге соғысқан, ұзақ уақыттық НАТО ортағымыз Түркияға қарсы Орталық Шығыста бір соғыс бастай алмаймыз. Біз үшін мұндай жағдайдың болуы мүмкін емес" деп баса дәріптеді. 



Ұқсас жаңалықтар