YPG/PKK-ға жақын әлеуметтік желілерде манипуляция жұмыстары

Террор ұйымы парақшаларынан 2014 жылы Сирия ішкі соғысында түсірілген фотосурет Түрік армиясының шабуылы сияқты көрсетілді.

1285767
YPG/PKK-ға жақын әлеуметтік желілерде манипуляция жұмыстары
pkk sosyal medya manipulasyon3.jpg
pkk sosyal medya manipulasyon2.jpg
pkk sosyal medya manipulasyon1.jpg

Түркияның оңтүстік шекарасында террорлық мемлекет құрудың алдын алу, аймаққа бейбітшілік пен тыныштық орнату мақсатымен басталған Бейбітшілік бұлағы операциясының артынан YPG/PKK-ға жақын әлеуметтік парақшалар манипуляция және дезинформация жұмыстарын жылдамдатты.

Сирия ішкі соғысында әртүрлі аймақтарда және жылдарда түсірілген фотосуреттерді Бейбітшілік бұлағы кезінде болғандай бөлісіп әлеуметтік медиада дезинформация жасалуға тырысылды.

Террор ұйымына жақын әлеуметтік медиа парақшалары Сирия ішкі соғысы кезінде 2014 жылы түсірілген және бір ананың балаларын құшақтаған фотосуретін өзгертіп, Бейбітшілік бұлағы операциясында болғандай көрсеткісі келді.

Сирияның Идлиб қаласына шілде айында жасалған әуе шабуылында зардап шеккен балалардың бір денсаулық сақтау орталығында түсірілген фотосуреті террор ұйымына жақын парақшалардан «Түрік армиясының шабуылынан соңғы көріністер» деген жазумен таратылды.

Тағы Идлибте орыстардың әуе шабуылы нәтижесінде бетіне қан жұққан баланың 2016 тамыз айында түсірілген бір фотосуретін халықаралық қоғамға Бейбітшілік бұлағы операциясында түсірілгендей көрсетіп, астына жазылған ағылшын тілінде жазумен манипуляция жасалды.

Манипуляция бастамасында кейбір қолданушылар «Greenpeace» плакатын қолдануға әрекет жасауы тағы бір әлеуметтік медиа парақшасы арқылы ортаға шығарылды.

Әлеуметтік желідегі бір манипулятор АҚШ президенті Дональд Трампқа тиесілі бір ғимараттың үстіне плакат ілінген бір видео көрінісі өзгертіліп, (тексті қаламмен өзгерту, тұпнұсқасын өзгерту)  «Күрд халқына сатқындық жасады және күрдтерді өлтірді» деп монтаж жасалды. Дегенмен плакаттың астында ұмытқандары «Greenpeace» жазуы байқалды.

Ұйым жақтаушылары Евфрат қалқаны және Зәйтүн бұтағы операциялары кезінде де бүкіл әлемде соғыс және қырғын фотосуреттерін әлеуметтік желіде манипуляция мен дезинформация мақсатты қолданғаны бұрын дәлелденген болатын.



Ұқсас жаңалықтар