Трамп Түркияның НАТО-ның маңызды бір мүшесі екенін айтты

Трамп АҚШ-тың ИПГ/ПКК-ға қару мен ақшалай жәрдем беруді жалғастырғанын жариялады.

1284258
Трамп Түркияның НАТО-ның маңызды бір мүшесі екенін айтты

Америка Құрама Штаттарының президенті Дональд Трамп Түркияның НАТО-ның маңызды бір мүшесі екенін білдірді.

Дональд Трамп әлеуметтік ақпарат желісі Твиттерден жасаған мәлімдемесінде мыналарды жазды:

"Көптеген адамдар Түркияның АҚШ-тың ірі сауда ортағы екенін ұмытып кетеді. Түркия F-35 соғыс ұшақтарының болат қаңқасын жасауда. Сонымен бірге Сирия мен Идлибте көптеген жанды құтқаруда маған жәрдем көрсетті. Түркияда бір мезгіл түрмеде отырған поп Брунсонды еліне қайтарды. Бәрінен де маңыздысы Түркияның НАТО-ның мәртебесі жоғары маңызды бір мүшесі екенін ұмытпаңдар."

Дональд Трамп президент Режеп Тайып Ердоғанның 13 қарашада өзінің шақыруымен АҚШ-қа сапаралй келетінін де хабарлады.

Дональд Трамп әлеуметтік ақпарат желісі Твиттерден жасаған басқа бір мәлімдемесінде АҚШ-тың ИПГ/ПКК-ға қару мен ақшалай жәрдем беруді жалғастырғанын да жариялады.

Дональд Трамп:

"Сириядан шегінуіміз мүмкін, алайда ешқашан ИПГ-ПКК-ны және күрттерді иесіз тастамаймыз. Олар ерекше адамдар және керемет жауынгерлер. Сонымен бірге НАТО одақтасымыз және сауда ортағымыз болған Түркиямен қарым-қатынасымыз да өте жақсы" деп баса дәріптеді.



Ұқсас жаңалықтар