Пентагон: Түркияның операция бағытынан шегіндік

Пентагон мәлімдемешісі Джонатан Хоффман мәлімдеме жасады.

1284356
Пентагон: Түркияның операция бағытынан шегіндік

Америка Құрама Штаттары (АҚШ) Қорғаныс министрлігі (Пентагон) мәлімдемешісі Джонатан Хоффман «Сирияның солтүстігіндегі АҚШ әскерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Түркияның операция бағытынан шегіндік» деп мәлімдеді.

Президент Дональд Трамптың Түркияның операция жоспары себепті Сирияның солтүстігінде аталмыш аймақтардағы АҚШ әскерлерін кері шегу шешімін Пентагоннан сұрамағаны туралы қауесеттерге наразылық көрсеткен Хоффман «Керісінше жазылған негізі жоқ хабарларға қарамастан президент Түркияның әскери операция ықтималына орай Сирияның солтүстігіндегі жағдай мен АҚШ әскерлерін қорғау талпынысы тақырыптарын министр Эспер және Бас Штаб Басқармасы төрағасы Миллеймен кеңесті» деді.

Хоффман «Министрлік тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін ең мықты әдістің Сирияда қауіпсіз аймақ құру тақырыбындағы тұғырын қорғауда. Өкінішке орай Түркия бір жақты қадам басуды таңдады. Қорытып айтқанда Сирияның солтүстігіндегі АҚШ әскерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Түркияның операция бағытынан шегіндік. Осы тұрғыдан Сириядағы әскери болмысымыз өзгерген емес» деді.



Ұқсас жаңалықтар