Пентагон мәлімдеді

Пентагон Түркияның операциясына қолдау бермейтінін және қосылмайтынын білдірді.

1283795
Пентагон мәлімдеді

Америка Құрама Штаттары Қорғаныс министрлігі Пентагон Түркияға Сирияның солтүстігіне бағытталған операциясына қолдау бермейтінін және қосылмайтынын білдірді.

Пентагон баспасөз хатшысы Джонатан Хоффман «Қорғаныс министрлігі президент те айтқандай,  Түркияның солтүстік Сирияға бағытталған операциясына қолдау бермейді.  АҚШ Қарулы күштері бұны қолдамайды және осындай операцияға қосылмайды» деп жазды.

Екі ел қорғаныс саласындағы лауазым иелері арасындағы кездесулерде аймақтағы қауіпсіздіктің координация және ынтымақтастықпен қамдалатынын айтқандарын білдірген Хоффман: «Эспер мен Бас штаб төрағасы Миллей түрік әріптестеріне бір жақты қадамдардың Түркия үшін риск туғызатынын тілге тиек етті. Президент те айтқандай  Түркия басқа Еуропа елдерімен бірге АҚШ басшылығындағы операцияларда қолға түсірілген ДАИШ содырларынан жауапты болады» деді.

Пентагон баспасөз хатшысы Карла Глеасон да «Түркия Біріккен Әуе операциясы  орталығы тарапынан Әуе Миссиясы бұйрығынан шығарылды.  Түркияға барлау және бақылау деректерінің жеткізілуі тоқтатылды» деп айтты.



Ұқсас жаңалықтар