Сириядан кететін уақыт жеткенін айтты

Дональд Трамп әлеуметтік желіде жазба жариялады.

1283308
Сириядан кететін уақыт жеткенін айтты

Америка Құрама Штаттарының (АҚШ) президенті Дональд Трамп Сириядағы шексіз соғыстан өз елінің шығатын уақыты келді деп мәлімдеді.

Дональд Трамп әлеуметтік желіде жазба жариялап, елінің әскерлерінің Сирияның солтүстігінде Түркия шекарасынан кетуіне байланысты мәлімдеді. Міндетке алғаш келген кездері ДАИШ террорлық ұйымының аймақта ықпалды болғанын,  алайда осы ұйымды толығымен жеңгендерін білдірген Трамп ДАИШ-пен Түркия, Сирия,  Иран, Ресейдің айналысуы керектігін айтты.

Трамп: «АҚШ Сирияда 30 күн болуы керек еді, бұл да неше жыл бұрын болатын. Біз соғыста мақсатсыз қалып қойдық» деді.



Ұқсас жаңалықтар