Ақ Үй әкімшілігінің Түркия мәлімдемесі

Ақ Үй мәлімдемесінде Түркияның Сирияның солтүстігіне операция жасайтыны атап көрсетілді.

1283273
Ақ Үй әкімшілігінің Түркия мәлімдемесі

Президент Режеп Тайып Ердоған және АҚШ президенті Трамп арасында жүзеге асқан телефон әңгімесінің артынан Ақ Үй әкімшілігі мәлімдеме жасады.

Ақ Үй жасаған мәлімдемеде Түркияның қысқа уақытта Сирияның солтүстігіне операция жасайтыны атап көрсетілді.

Операцияға қолдау берілмейтіні немесе қосылмайтыны аталып, ДАИШ-ті жеңген АҚШ күштерінің енді тікелей осы аймақта болмайтыны білдірілді. Мәлімдемеде «Бұдан былай соңғы екі жылдан бері аймақта ұсталған ДАИШ жауынгерлеріне Түркия жауапты болады» делінді.



Ұқсас жаңалықтар