Марста жер дүмпулерінің дауыстары жазып алынды

NASA Марста жазып алынған дауыстардың адамдар ести алатындай өңделген қалпын жариялады.

1280474
Марста жер дүмпулерінің дауыстары жазып алынды

Америка Құрама Штаттары авиация және ғарыш агенттігі NASA-ның Марсқа жіберген сейсмикалық зерттеу көлігі InSight қызыл ғаламшарда 100-ден астам дауысты таспаға жазып алды.

NASA InSight тарапынан Марста жазып алынған дауыстардың адамдар ести алатындай өңделген қалпын жариялады.

Агенттік осы дауыстардың тек 21-ін ғана «жер сілкінісі болуы мүмкін» деп хабарлады,  қалғандарының жер дүмпулері немесе басқа нәрселер екенін білдірді.

Сейсмикалық зерттеу көлігінің Марстағы желдің даусын да еститіндей сезімтал екені білдірілді.

Қараша айында аталмыш ғаламшарға жеткен көлік бірінші сейсмикалық жер дүмпуін сәуір айында тіркеп алды. Ғалымдар Марстағы жер сілкіністерін зерттеп, ғаламшардың қалыптасу үрдісі жөнінде кеңінен мәліметке ие болғысы келеді.



Ұқсас жаңалықтар