Сирияда қыркүйек айында 118 жазықсыз адам өлтірілді

Сирия адам құқықтары желісі "Жазықсыз адам шығындары" рапортын жариялады.

1279727
Сирияда қыркүйек айында 118 жазықсыз адам өлтірілді

Сирияда қыркүйек айында 118 жазықсыз адам қақтығысқан топтар тарапынан өлтірілді.

Сирия адам құқықтары желісі "Жазықсыз адам шығындары" рапортын жариялады. Рапортта қыркүйек айында 18 бала, 12 әйел барлығы 118 жазықсыз адамның қақтығысқан топтар тарапынан өлтірілгені атап көрсетілді.

Рапортқа қарағанда Башар Асад режимі армиясы және қауіпсіздік күштері мен Иран қолдау берген шетелдік террористік топтар құраған режим күштері 4 бала, 3 әйел барлығы 44 жазықсызды өлтірді.

Орыс соғыс ұшақтарының аталмыш кезеңдегі әуе шабуылдарында 1 адам қаза тапса, террор ұйымы YPG/PKK басып алған аймақтарда 1 бала, 6 жазықсыз адам қаза тапты.

Әскери оппозициялық топтар мен режимге қарсы қарулы топтар болса 1 бала мен 4 жазықсыз адамның қаза табуына себеп боды. 12 бала, 9 әйел барлығы 63 жазықсыз адам болса кім екені белгісіз адамдар тарапынан өлтірілді.

2019 жылдың басынан бастап, қаңтар айында 197, ақпан айында 246, наурыз айында 334, сәуір айында 324, мамыр айында 416, маусым айында 347, шілде айында 433, тамыз айында 267, қыркүйек айында 118 барлығы 2 мың 682 жазықсыз адам Сирияда қақтығысқан топтар тарапынан өлтірілді.



Ұқсас жаңалықтар