Венесуэлаға көмек беруге шақырды

ЕО Жоғары комиссары Венесуэладағы гуманитарлық дағдарыстың асқынғанына назар аударды.

1276268
Венесуэлаға көмек беруге шақырды

Еуропа Одағы Сыртқы байланыстар және қауіпсіздік саясаты Жоғары комиссары Федерика Могерини Венесуэладағы гуманитарлық дағдарыстың асқынғанына назар аударып,  халықаралық қоғамды көмек беруге шақырды.

БҰҰ Бас ассамблеясының 74-ші сессиясы жиындарына қатысу мақсатымен Америка Құрама Штаттарына келген Могерини «Венесуэладағы гуманитарлық дағдарыс және аймаққа әсері» тақырыбында сөз сөйледі.

Могерини қазіргі ең ірі гуманитарлық дағдарыстың Венесуэлада болып жатқанын меңзеп: «Бүкіл әлемнің үлес қосуы және көмек беруі керек» деді.

Жоғары комиссар ЕО-ның Венесуэлаға шамамен 150 миллион евро көмек бергенін білдірді. Осы елге берілген көмектің жалпы аз екенін еске салды.

Могерини БҰҰ-мен бірге елдегі дағдарысқа назар аудару мақсатымен 28-29 қазан күндері аралығында Бельгияның бас қаласы Брюссельде бір халықаралық ұйымшылдық конференциясы өткізуге шешім қабылдағандарын айтты.



Ұқсас жаңалықтар