Ресей Нетаньяхудың мәлімдемесін айыптады

Ресей Батыс Нетаньяхудың Шерияның Иордания алқабын «Израильге қосу» мәлімдемесіне наразылық көрсетті.

1267907
Ресей Нетаньяхудың мәлімдемесін айыптады

Ресей Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяхудың Израиль басқыншылығындағы Батыс Шерияның Иордания алқабын «Израильге қосу» мәлімдемесіне наразылық көрсетті.

Ресей Сыртқы істер министрлігінен жасалған мәлімдемеде Нетаньяхудың Иордания алқабымен байланысты мәлімдемелерінің араб әлемі тарапынан болымсыз қарсы алынғанын атап, «Израильдің аймақтағы дағдарысты арттырып, араб көршілері және бейбітшіліктің қамтамасыз етілуімен байланысты үміттерге балта шабатын жоспарлары туралы уайымдарымызды бөлісеміз» делінді.

Мәлімдемеде Палестина-Израиль мәселесін БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі (БҰҰҚК) қарарлары, Мадрид ережелері және Араб бейбітшілігі инициативасы аясында шешу керектігіне назар аударылды.

Нетаньяху 17 қыркүйек күні болып өтетін ерте сайлау алдында ұйымдастырған баспасөз мәслихатында қайтадан сайланған жағдайда «қысқа мерзімнің ішінде» Батыс Шериядағы Иордания алқабын АҚШ-тың қолдауымен Израиль жеріне қосатынын тілге тиек еткен болатын.



Ұқсас жаңалықтар