Бахреттин Юсуф Хабиби қайтыс болды

Индонезияның бұрынғы президенті Бахреттин Юсуф Хабиби 83 жасында қайтыс болды.

1267804
Бахреттин Юсуф Хабиби қайтыс болды

Индонезияның бұрынғы президенті Бахреттин Юсуф Хабиби 83 жасында қайтыс болды.

Хабибидің ұлы Тарык Кемал Хабиби Индонезияның үшінші президенті болған әкесі Хабибидің бірінші қыркүйектен бері емделіп жатқан астана Джакартадағы әскери емханада қайтыс болғанын білдірді. 

Бахреттин Юсуф Хабиби Индонезияның екінші президенті Мұхаммед Сухартоның 1998 жылы мамырдағы студенттер ереуілдері мен экономикалық дағдарыс себепті отставкаға кетуінен кейін міндетке келген. 

1999 жылы қазанда өткізілген президенттік сайлауда үміткер болып, артынан қайта шегінген Хабиби әкімшілікте 16 ай міндет атқару арқылы Индонезияның ең қысқа уақыт міндет атқарған президенті болған еді. 

Бахреттин Юсуф Хабиби ғасырлар бойы Португалияның колониясы болғаннан кейін Индонезияның егемендігіне кірген Шығыс Тимур үшін 1999 жылы реформаларға және тәуелсіз халықтық сайлауға рұқсат берген еді.

Қысқа уақыттық президенттік кезеңінде Хабиби саяси қылмыстыларды босату, баспасөзге шектемелерді жою және еркін сайлау жүргізуге мүмкіндік берген болатын.

Өзінен бұрынғы президент Сухарто тарапынан 30 жыл бойы жалғасқан Мандариан тілін сөйлеу және үйрету шектемесін жойып, бөлшектеуші саясаттарды жойған еді. 



Ұқсас жаңалықтар