АҚШ соғыс ұшақтары ДАИШ нысаналарына 36 тонна бомба тастады

АҚШ-тың Ортақ қызмет күші қолбасшылығы мәлімдеме жасады.

1267559
АҚШ соғыс ұшақтары ДАИШ нысаналарына 36 тонна бомба тастады

Америка Құрама Штаттарына тиесілі соғыс ұшақтары Ирактың Салахаддин уәлаятында террор ұйымы ДАИШ қоныстанған аймаққа 36 тонна бомба тастады.

АҚШ-тың Ортақ қызмет күші коалиция қолбасшылығы тарапынан жасалған мәлімдемеге қарағанда халықаралық коалиция және Ирак күштерінің Салахаддин уәлаятының Канус аралында жүзеге асқан ортақ операциясында террор ұйымы ДАИШ нысаналарын жойды.

Коалиция күштері «F-35» және «F-15» соғыс ұшақтарымен жасаған операциясында 36 мың килограмм бомба қолданылғанына назар аударылған мәлімдемеде Иракқа тиесілі анти-террор жасақтарының да ДАИШ нысаналарын құрлықтан тазалағанын атап көрсетті.

Мәлімдемеде Ирак армиясына қарасты 2-арнайы жасақтар бөлімшесінің құрлықтан жалғастырған операцияларына тоқталып, ДАИШ-тік террористердің Сириядан Мосулдың шөл аймақтарымен Махмур ауданы және Киркуктегі аймақтарға өту үшін пайдаланған жолдарды жоюға тырысқаны жеткізілді.



Ұқсас жаңалықтар