Асад режимі күштері Идлибте 7 ауданға шабуылдады

Шабуылда 1 жазықсыз адам қаза тапты, 3 адам жарақат алды.

1265772
Асад режимі күштері Идлибте 7 ауданға шабуылдады

Сирияда Асад күштерінің Идлибтегі тұрғын аймақтарға 8 күннен кейін жасаған шабуылында 1 жазықсыз адам қаза тапты, 3 адам жарақат алды.

Майдан желісін атқылауды жалғастырған Сирия режимі кеше Идлибтің Кефренбил ауданы мен Джердженаз ауданы, Тух Дейр Шарки, Тель Меннис, Маршимарин, Мааретхырме және Шейх Мұстафа ауылдарын атқылады.

Идлиб Азаматтық қорғаныс лауазымдыларына қарағанда Кефренбил ауданында мектеп пен мешіт нысанаға алынды. Шабуылдарда 1 жазықсыз адамның қаза тапқаны, 3 адамның жарақат алғаны білдірілді.

Түркия мен Ресей арасында 2018 жылы 17 қыркүйек күні қол қойылған келіссөзден бері Идлиб дағдарысын Азайту аймағында 945 мың 992 жазықсыз адам қоныс аударды. Аталмыш мерзімде Асад күштері мен Ресейдің шабуылдарында 219 әйел, 341 бала барлығы мың 282 адам қаза тапты.



Ұқсас жаңалықтар