Дориан дауылында қаза тапқандар саны артты

Бұл туралы Багам аралдарының премьер-министрі білдірді.

1264576
Дориан дауылында қаза тапқандар саны артты

Багам аралында Дориан дауылы салдарынан қаза тапқандар саны 30-ға жетті.

Бұл туралы Багам аралдарының премьер-министрі Хуберт Миннис білдірді.

Қазірге дейінгі ең сұрапыл дауыл ретінде есептелген Дориан салдарынан мыңдаған адам баспанасыз қалды.

БҰҰ да елде 70 мың адамның жедел көмекке мұқтаж екенін білдіріп,  аймаққа 8 тонна азық-түлік жолдады.

Америка Құрама Штаттарының шығыс жағалауына келіп жеткен дауылдың категориясы көтерілді. Артынан қайтадан екінші категорияға төмендеген дауыл Каролина штатына әсер етуде.



Ұқсас жаңалықтар