Өзін тағы да министрлік қызметіне тағайындады

Нетаньяху кабинетте төрт орынды иеленіп отыр.

1263661
Өзін тағы да министрлік қызметіне тағайындады

Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху өзін тағы бір министрлікке тағайындады.

Үкіметтің Израиль мәжілісіне жіберілген хатында 16 тамызда отставкаға кеткен Хаим Катцдың орнына Молшылық және әлеуметтік қызметтер министрлігіне Нетаньяхудың өзін тағайындағаны білдірілді.

Премьер-министр Нетаньяху министрлікке өзін тағайындап, кабинетте төрт министрліктің де бақылауын өз қолына алды.

Бұдан бұрын оның билігінде премьер-министрлік міндетінен басқа Қорғаныс, Денсаулықты сақтау және Диаспора министрлік қызметтері болған.



Ұқсас жаңалықтар