Отбасын көруге рұқсат берілді

Израиль Америка Мұсылман өкілдер мәжілісінің депутаты Рашида Тлаибтің Батыс Шериядағы отбасымен кездесуіне рұқсат берді.

1253634
Отбасын көруге рұқсат берілді

Израиль Ішкі істер министрі Ариех Дери Америка Мұсылман өкілдер мәжілісінің депутаты Рашида Тлаибтің Батыс Шериядағы отбасымен кездесуіне рұқсат берді.

Деридің кеңсесінен жасалған жазбаша мәлімдемеде,  Америка Мұсылман өкілдер мәжілісі депутаты Тлаибтің отбасын көру талабының бекітілгені айтылды.

Тлаиб кеше түнде министр Дериге «Израильдің ережелері шеңберінде отбасымен кездесетінін» білдірді.  Осыған орай америкалық депутаттың елге тек гуманитарлық мақсатты келуіне рұқсат берілгені айтылды.

Тлаиб отбасын, әсіресе 90 жасар әжесін көргісі келетінін айтып Израильге хабар жіберіп, Израильдің ережелеріне бағынатынын және сапар барысында Израильге қарсы үгіт-насихат жүргізбейтініне уәде берген болатын.



Ұқсас жаңалықтар