Пентагон Түркиямен "Ортақ операция орталығын" құру келісіміне келінгенін жариялады

Түркиямен "Ортақ операция орталығын" құру тақырыбында келісімге келінгенін, процестің сатылап іске асатынын жариялады.

1250376
Пентагон Түркиямен "Ортақ операция орталығын" құру келісіміне келінгенін жариялады

Америка Құрама Штаттарының Қорғаныс министрлігі Түркиямен "Ортақ операция орталығын" құру тақырыбында келісімге келінгенін, процестің сатылап іске асатынын жариялады.

Америка Құрама Штаттары Қорғаныс министрлігі Пентагон мәлімдемешісі Сеан Робертсон елімен Түркияның Сирияның солтүстігіндегі Түркия шекарасында құрылатын аймаққа байланысты келісімді бағаландырды.

"Қауіпсіз аймақ" сөзі қолданылмаған мәлімдемесінде Робертсон мыналарды айтты:

"Анкарада өткен әскери кездесулерде Сирияның солтүстік шығысында НАТО одақтасымыз Түркияның заңды қауіпсіздік алаңдарына жауап беретін жалғастыруға болатын бір қауіпсіздік механизмін орнатуға байланысты ілгерлеулер болды. Осы аяда жоспарлау мен атқару үшін Түркияда бір "АҚШ-Түркия Ортақ операция орталығын" құруды мақсат етудеміз. Қауіпсіздік механизмі сатылап жүргізіледі. АҚШ кейбір қадамдарды дереу басуға дайындалуда және Түркиямен осы тақырыпта кеңесті жалғастыруда."

АҚШ әскери лауазымдыларымен Ұлттық Қорғаныс министрлігінде 5-7 тамыз күндері кездесулер өткізілген.

Кездесулерде Түркияның заңды қауіпсіздік алаңдарына жауап беретін алғашқы сатыдағы шаралардың дереу орындалуы мақсатымен қауіпсіздік механизмін орнату үшін Түркияда бір "АҚШ-Түркия Ортақ операция орталығын" қысқа уақытта құруға келісім жасалған.
 



Ұқсас жаңалықтар