​​​​​​​Италияда үкімет дағдарысы шықты

Италия коалиция үкіметінде ұшқары оңшыл лидер Маттео Сальвини сайлау өткізуді сұрады.

1250377
​​​​​​​Италияда үкімет дағдарысы шықты

Италияда үкімет дағдарысы шықты.

Италия коалиция үкіметі премьер-министрінің орынбасары және Ішкі істер министрі ұшқары оңшыл Лиг партиясының лидері Маттео Сальвини сайлау өткізуді сұрады.

Премьер-министр Джузеппе Конте басшылығындағы үкіметтің ортақтары арасында жалғасып келген алауыздық Сенаттағы пойыз жолы жобасына дауыс беру кезінде дағдарысқа айналды.

Маттео Сальвини премьер-министр Джузеппе Контемен бір сағат кездескеннен кейін жасаған мәлімдемесінде Контеге үкіметтің парламенттегі көпшіліктен айырылғанын айтқанын білдіріп:

"Жүрдек пойыз жобасына дауыс беруде көпшілік ойға ие емес екенін көрдік. Бір шешім жасауы үшін парламентке барамыз, артынан сайлау өткіземіз" деп көрсетті. 



Ұқсас жаңалықтар