Адендегі қақтығыстарда 9 адам қаза тапты

Йеменнің уақытша астанасы Адендегі қақтығыстарда біреуі  бала 9 адам қаза тапты.

1250408
Адендегі қақтығыстарда 9 адам қаза тапты

Адендегі қақтығыстарда 9 адам қаза тапты.

Йеменнің уақытша астанасы Адендегі қақтығыстарда біреуі  бала 9 адам қаза тапты.

Қалада Президенттік қорғау күштері мен Біріккен Араб Әмірліктерінің қолдауындағы Хизам әл-Әмни күштері арасындағы қақтығыстар қайтадан басталды.

Жергілікті қайнар көздерден алынған мағлұматтарға қарағанда заңды үкіметке қарасты қалада Президенттік қорғау күштері мен Біріккен Араб Әмірліктерінің қолдауындағы Хизам әл-Әмни күштері арасындағы қақтығыстар алдыңғы күні қайтадан алауланды.

Оқиғалар Ішкі істер министрлігі ғимараты маңына дейін тарады.

Денсаулық сақтау министрлігіндегі бір лауазым иелерінен алынған мағлұматқа қарағанда бейсенбі күні болған қақтығыстарда 5-і Оңтүстік уақытша кеңесінен, 3-і Президенттік қорғау басқармасынан болып жиыны 8 адам қаза тапты.

Сонымен қатар Муалла алаңындағы бір үйге түскен RPG ракета кесірінен 9 жасар бір қаз баланың көз жұмғаны білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар