Еурокомиссия Түркиядағы босқындарға жәрдем тақырыбында мәлімдеді

Мәлімдемеде Түркиядағы босқындарға берілген гуманитарлық жәрдем карточкасына 127 миллион евролық қаржы қолдауы қамтамасыз етілетіні атап көрсетілді.

1249728
Еурокомиссия Түркиядағы босқындарға жәрдем тақырыбында мәлімдеді

Еурокомиссия Түркиядағы босқындарды қолдау жөнінде қаржылай жәрдем бағдарламалары тақырыбында мәлімдеме жасады.

Мәлімдемеде Түркиядағы босқындарға Түрік Қызыл жарты ай қоғамы таратқан карточкаға 127 миллион евро қосымша қаржы қолдауы қамтамасыз ететіні атап көрсетілді.

Қызыл-ай карточкасына жәрдем бағдарламасы аясында адам басына шаққанда айына 120 лира ақша төленеді. Босқындар осы арқылы негізгі қажеттіліктерін тікелей қамтамасыз ете алады.

Жаңа қаржымен Еуроодақтың бағдарламаға жалпы үлесі 1 миллиард 125 миллион евроға ұласты.

Одақ Түркияға 3 миллиард евролық қосымша қаржы жәрдемі уәде еткен болатын. Дегенмен сириялықтарға уәде етілген қаржылай жәрдемдер қазірге дейін уақытында және толық орындалған емес.



Ұқсас жаңалықтар