БҰҰ Йемендегі шабуылдарға орай ескерту жасады

БҰҰ Йемендегі террор мен күш көрсету оқиғаларына назар аударып, барлық тараптарды жағдайды жөнге салуға шақырды.

1249018
БҰҰ Йемендегі шабуылдарға орай ескерту жасады

Біріккен Ұлттар Ұйымы Адам құқығы жоғарғы комиссариаты (OHCHR) Йеменде соңғы кезеңде арта түскен террор мен күш көрсету оқиғаларына назар аударып, барлық тараптарды жағдайды жөнге салуға шақырды.

Біріккен Ұлттар Ұйымы Адам құқығы жоғарғы комиссариаты (OHCHR) мәлімдемешісі Равина Шамдасани тарапынан жасалған жазбаша мәлімдемеде өткен 10 күн ішінде Йемендегі көптеген қалалар мен аймақтарда бейуаз азаматтар қаза тапқан және жараланған алаң туғызатын оқиғалар болғаны білдірілді.

Мәлімдемеде 27 шілдеден бері Тайз, Саада және Аден қалаларында 19 бейуаз азаматтың қаза тапқаны, 42 кісінің жараланғаны білдірілді. Аден мен Абянда тамыздың басында полиция үйі және әскери лагерлерге шабуыл жасалғаны атап көрсетілді.

Екі шабуылға ДАИШ пен Ел Кайда ұйымдары жауапер екені білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар