Йемендегі Әл-Джела штабына зымыран шабуылы

Шабуылда 25 әскер қаза тапты, ондаған адам ауыр жарақат алды.

1245967
Йемендегі Әл-Джела штабына зымыран шабуылы

Йеменнің оңтүстігіндегі уақытша бас қала Адендегі Әл-Джела штабындағы әскери рәсім кезінде жасалған қос шабуылда алғашқы мағлұматтарға қарағанда 25 адам ажал құшты.

Әскери ақпарат көздеріне қарағанда Аденнің батысындағы Әл-Берика қаласында қоныстанған Әл-Джела штабында Біріккен Араб Әмірліктері (БАӘ) қолдау берген Хизам әл-Эмни күштерінің әскери шеруі кезінде Иран қолдау берген хоуситтер пилотсыз ұшақтан баллистикалық зымыранмен шабуылдады.

Шабуылда араларында Йемен үкіметіне қарасты Қолдау және қосымша күштер қолбасшысы Мүнир әл-Яфи және Хизам әл-Эмни қолбасшыларының бірі Раджих ибн Мансур да бар 25 адам қаза тапты, ондаған адам жрақат алды.

Шабуылдың жауапкершілігін хоуситтер мойындады.

Хоуситтерге тиесілі Әл-Месира телеарнасының хабарына қарағанда хоуситтер Әскери мәлімдемешісі эс-Сери Адендегі Әл-Джела штабындағы әскери бекіністерді нысанаға алғандарын білдірді.

Сери пилотсыз ұшақ қолданылып орта қашықтықтағы баллистикалық зымыранмен жасалған шабуылда ондаған адамның мерт болып, көптеген адамның жарақат алғанын атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар