Трамп пен Джонсон сөйлесті

АҚШ президенті мен Ұлыбританияның жаңа премьер –министрі екі ел арасындағы экономикалық қатынастардың тереңдетілуі тақырыбын талқылады.

1244859
Трамп пен Джонсон сөйлесті

Америка Құрама Штаттары президенті Дональд Трамп пен Ұлыбританияның жаңа премьер –министрі Борис Джонсон екі ел арасындағы экономикалық қатынастардың тереңдетілуі тақырыбын талқылады.

Ақ Үй баспасөз қызметі Трамп пен Джонсонның жұма күні телефон арқылы сөйлескенін білдірді.  Хабарламада: «Президент Трамп пен премьер-министрі Джонсон телефон әңгімесінде АҚШ пен Ұлыбритания арасындағы ерекше қатынастардың нығайтылуының маңызына тоқталды.  Сонымен бірге екі басшы Ұлыбританияның Еуропа Одағы құрамынан шығуы процесінен кейін екі жақты экономикалық қатынастардың жедел тереңдетілуі тақырыбында келісті» деп айтылды.

Ұлыбританияда Борис Джонсон 24 шілде күні елдің жаңа премьер-министрі болған еді.



Ұқсас жаңалықтар