Непалдегі сел апатында 113 кісі қаза тапты

Непалде нөсерлі мусон жаңбырлары себеп болған сел мен топырақ көшкінінде қаза тапқандар саны 113 кісіге көбейді.

1244453
Непалдегі сел апатында 113 кісі қаза тапты

Непалде нөсерлі мусон жаңбырлары себеп болған сел мен топырақ көшкінінде қаза тапқандар саны 113 кісіге көбейді.

Жергілікті арналардың хабарына қарағанда Непал Ішкі істер министрлігі басшылары елде соңғы апталарда  әсерлі болған нөсерлі жаңбырар себеп болған сел мен топырақ көшкіндерінде 67 кісінің жараланғанын, 38 кісінің хабарсыз кеткенін білдірген.

Нөсерлі жаңбырдың  салдарынан болған апатта елдегі 77 аймақтың 67-сі әсерге ұшырағанын білдірген лауазымдылар үкіметтің құтқару жұмыстарына әскерлер мен полицияны жолдағанын атап көрсетті.

Непалдың Катманду қойнауындағы кейбір аймақтардың соңғы екі аптадан бері жалғасқан жаңбыр себепті су астында қалғаны білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар