Израиль Палестинаның электр қарызының төленетінін жариялады

Израиль салық табысының 500 миллион шекелін Палестина үшін электр фирмасына тікелей төлейді.

1243912
Израиль Палестинаның электр қарызының төленетінін жариялады

Израиль Қаржы министрлігі Палестина үкіметі атынан жинаған салық табысының 500 миллион шекелін (141 миллион доллар) Палестина әкімшілігінің электр қарызын төлеу үшін Израиль электр фирмасына (IEC) құюға шешім қабылдады.

Израильде жарияланған экономика газеті «The Marker»-дың хабарына қарағанда Қаржы министрлігі жинаған салықтың 500 миллион шекелінің Палестина әкімшілігінің электр қарызын төлеу үшін тікелей IEC-ге құйылатыны жарияланды.

Израиль қауіпсіздік кабинеті 17 ақпан күні Палестина үкіметі атынан жинаған салықтардан Палестинаның тұтқындалған және қаза тапқандардың отбасылары үшін бөлінген жылдық 502 миллион 697 мың шекель көлеміндегі қаржыны тоқтатуға шешім қабылдаған болатын.

Израильдің аталмыш салық қаржысын тоқтату шешімінің артынан Палестина әкімшілігі экономикалық дағдарыс бастан кешуде.

Палестина әкімшілігі электр қажеттілігінің 90 пайызын IEC-ден қалған 10 пайызын болса Иордания мен Мысырдан қамтамасыз етуде.



Ұқсас жаңалықтар