Тунис президенті дүниеден озды

Тунис президенті Баджи Каид эс-Сибси үшін Картаджа сарайында мемлекеттік жаназа рәсімі ұйымдастырылды.

1243629
Тунис президенті дүниеден озды
sibsi cenaze toreni1.jpg

Бас қала Тунисте ем қабылдаған ауруханада дүниеге көз жұмған Тунис президенті Әл-Баджи Каид эс-Сибси үшін Картаджа сарайында жаназа рәсімі ұйымдастырылды.

Жаназа рәсіміне мемлекеттік лауазымдылар және партия төрағаларына қоса шетелден көптеген мемлекет басшысы қатысты.

Уақытша президент Мұхаммед эн-Насыр жаназа рәсімінде айтқан сөзінде Сибсидің мемлекеті үшін үлкен жауапкершіліктер мойындағанын және еркіндік ережелерін қалыптастыру үшін жүргізілген күресте естен кетпес іздер қалдырғанын атап көрсетті.

Насыр «Сибси демократияның қалыптасып, елдің тұрақтануы және 2011 жылы алғаш демократиялық сайлаудың өткізілуінде табысқа жетті» деді.

Рәсімге қатысқан Палестина мемлекет басшысы Махмуд Аббас болса Сибсидің дүниеден озуының әрі Ислам, әрі Араб әлемі үшін үлкен бір өкініш екенін атап көрсетті.

Уақытша Алжир президенті Абдүлкадир ибн-Салих болса Сибсидің мұсылмандар, арабтар және әлемдегі барлық бейбітшілікті қалаушы адамдар үшін өкініш екенін айтты.

Түркия атынан вице-президенті Фуат Октай барған жаназа рәсіміне Катар Әмірі Шейх Тәмім ибн-Хамад Әл-Сани, Франция президенті Эммануэль Макрон, Испания королі 6-Филиппе, Португалия президенті Марсело Ребело де Соуса, Мальта президенті Джордж Велла және Ливия Ұлттық Келіссөз үкіметі президенттік кеңесі төрағасы Фаиз эс-Серрадж да қатысты.

Жаназа рәсімінің артынан Сибсидің мәйіті Әл-Джеллаз мазарына жерленді.

Мыңдаған тунистік Сибсиді соңғы сапарында жалғыз қалдырмады.



Ұқсас жаңалықтар