АҚШ-тың Анкарадағы елшілігі Джеффридің сапарына разы болды

АҚШ-тың Анкарадағы өкілетті елшілігі Сирия арнайы өкілі Джеффридің Түркиядағы кездесулерінің шынайы, болымды және өнімді өткенін білдірді.

1241842
АҚШ-тың Анкарадағы елшілігі Джеффридің сапарына разы болды

Америка Құрама Штаттарының Анкарадағы өкілетті елшілігі Сирия арнайы өкілі Джеймс Джеффридің Түркияда өткізген кездесулерінің шынайы, болымды және өнімді өткенін білдірді.

Өкілетті елшіліктен жасалған мәлімдемеде Сирия арнайы өкілі Джеймс Джеффри және қасындағы делегацияның 22-24 шелде күндері арасында астана Анкарада Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар, Президенттік ақпараттың баспасөз хатшысы Ибрахим Калын және Сыртқы істер министрінің орынбасары Седат Өналмен кездесулер өткізгені ескертілді.

Түрік және АҚШ делегациялары арасындағы Сирия тақырыпты Жоғары дәрежелі жұмыс тобының бесінші жиналысы өткізілгені білдірілген мәлімдемеде тараптардың Монбидж Жол картасының жылдам және нақтылы ілгерлеуіне тәуелді болатындары, Түркияның Сирия шекарасындағы қауіпсіздігін қамдау мақсатымен нақтылы ұсыныстардың талқыланғаны атап көрсетілді. 



Ұқсас жаңалықтар