Иранның Ұлыбритания танкерін ұстағаны алға тартылуда

Хант «Мен Иран билігінің екі кемені ұстағанын естіп, қатты уайымдап отырмын» деді.

1239195
Иранның Ұлыбритания танкерін ұстағаны алға тартылуда

Иранның Ұлыбритания танкерін ұстағаны алға тартылуда.

Хант «Мен Иран билігінің екі кемені ұстағанын естіп, қатты уайымдап отырмын» деді.

Иранның Ормуз бұғазында Ұлыбританияға тиесісі екінші бір мұнай танкердің тағы да ұстағаны алға тартылуда.

Британиялық Stena Impero мұнай танкері жұма күні түнде Хормозган провинциясының айлақ және теңіз ұйымының өтінішімен ұсталған. Оған халықаралық теңіз ережелерін бұзды деген айып тағылып отыр.

Stena Impero танкері швециялық Stena Bulk компаниясына тиесілі. Ол Сауд Арабиясына бет алған. Бортында экипаждың 23 мүшесі бар. Одан бөлек, Либерия туын қадап алған тағы бір кеме ұсталған. Дегенмен, ирандықтар Mesdar кемесіндегі экипажға қауіпсіздік туралы түсіндірген соң қоя берген. Ұлыбритания Ішкі істер министрі Джереми Хант «Мен Иран билігінің екі кемені ұстағанын естіп, қатты уайымдап отырмын» деген мәлімдеме жасады.  Ол төтенше жағдайлар жөніндегі үкіметтік комитеттің отырысында (COBRA) осы жағдайды талқылайтынын айтты.

Иран төңірегіндегі жағдай 13 маусым күні Оман шығанағында екі танкерге шабуылдан кейін жарылыс пен өрт тұтанғанда ушыға бастаған. АҚШ бұл жағдайға жауапкершілікті Иранға артты, оны Ұлыбритания мен Сауд Арабиясы қолдады. Тегеран бұл айыптауды жоққа шығарды. 

 



Ұқсас жаңалықтар