Грекия мен Қытайда зілзала болды

Грекияның астанасы Афинының 22 километр солтүстік батысында 5.1 балл зілзала болды.

1239173
Грекия мен Қытайда зілзала болды

Грекияның астанасы Афинының 22 километр солтүстік батысында 5.1 балл зілзала болды.

Афины Жер ғылымдары институтының мәліметіне қарағанда жердің 8 километр астында болған және астана Афины төңірегінде сезілген зілзала себепті ғимараттарда аздаған зақымдалулар болған.

Зілзала кезінде алты айлық жүкті бір турист мұражай сапарында төбеден түскен топырақ себепті жараланған.

Сонымен бірге үлкені 4.2 балл мөлшерінде 15 мәрте шайқалыс болғаны атап көрсетілді.

Грекия үкімет мәлімдемешісі ауыр жаралану болмаған зілзалада кейбір бос ғимараттардың құлағанын білдірді.

Зілзала себепті қысқа уақыттық сасқалақтау болумен бірге Мәжіліс ғимаратына сызат түсіп, электр мен телефон желілерінде үзіліс болған.

Қытайдың Тибет автономиялық аймағында да 5.6 балл зілзала болды. 

Шаннан қаласындағы Кона ауданында жердің 10 километр астында болған зілзалада өлген және жараланған болған-болмағанына байланысты мәлімдеме жасалмады.



Ұқсас жаңалықтар