"F-35 соғыс ұшақтарын Түркияға сата алмаймыз"

АҚШ президенті Дональд Трамп Ақ Үйде мәлімдеме жасады.

1236999
"F-35 соғыс ұшақтарын Түркияға сата алмаймыз"

АҚШ президенті Дональд Трамп «Түркиямен қарым-қатынастарымыз өте жақсы. Қазір оларға Ресейден зымыран жүйесі сатып алуға мәжбүр болғандары себепті бұл «F-35» соғыс ұшақтарын сата алмайтынымызды айтамыз. Осы жағдай туралы жұмыстанамыз. Не болатынын көреміз» деді.

Трамп Түркияның Ресейден өткен апта «S-400» әуе қорғаныс жүйелерін қабылдап бастауы жайлы Ақ Үйде мәлімдеме жасады.

Бұрынғы АҚШ президенті Барак Обама кезеңінде Түркияға Патриот зымырандарының сатылмауын сынға алған Трамп Түркияның осы себепті Ресейден «S-400» әуе қорғаныс жүйесін сатып алуды таңдағанына назар аударды.

Түркиямен осы тақырыпты қолға алғандарын атап көрсеткен Трамп «Ашық айтқанда қарым-қатынастарымыз жақсы және осы жағдай өте күрделі бір жағдайға айналған. Обама әкімшілігі оларға Патриот зымырандарын сатпады. Түркия болса осы зымырандарды сатып алу үшін көп тырысса да, оларға сатылмады. Амалсыз Түркия Ресейден зымыран сатып алды. Осының артынан қайта Түркияға сізге патриоттарды сатамыз делінген. Алайда Түркия Ресеймен келісімге қол қойып, бекіткен. Өте үлкен шығын төлеген. Өйткені оларға осы жерден зымыран сатып алуға жағдай жасалмаған. Түркия бір НАТО мүшесі. 100-ден астам F-35 соғыс ұшағы үшін тапсырыс берген, одан да көп алуға жоспар жасаған» деді.

Түркия және президент Ердоғанмен мықты қарым-қатынастары бар екенін атап көрсеткен Трамп «Қазір оларға Ресейден зымыран жүйесі сатып алуға мәжбүр болғандары себепті бұл «F-35» соғыс ұшақтарын сата алмайтынымызды айтамыз. Осы жағдай туралы жұмыстанамыз. Не болатынын көреміз» деді.



Ұқсас жаңалықтар