Болгарияда НАТО әскери жаттығуы өтіп жатыр

Breeze 2019 НАТО әскери жаттығуы Болгарияның Қаратеңіз жағажайындағы Варна кемежайы су айдынында өткізілуде.

1237176
Болгарияда НАТО әскери жаттығуы өтіп жатыр

Breeze 2019 НАТО әскери жаттығуы Болгарияның Қаратеңіз жағажайындағы Варна кемежайы су айдынында өткізілуде.

Биыл 23 мәрте ұйымдастырылған әскери жаттығуға 12 елден 27 соғыс кемесі, 6 соғыс ұшағы және 5 тікұшақ қатысты. 

Дайындалған жоба аясында 2 мың 250 әскери қызметкердің қатысуымен Варна су айдынында коалиция түрімен түрліше операциялар ұйымдастырылуда.

Breeze 2019 НАТО әскери жаттығуында мина тазалау, әуеден және судан келген шабуылдарға жауап беру, кеме жұмыстарында қауіпсіздік бақылаулары, азаматтық қоғам ұйымдарымен ынтымақтастық жасау, заңсыз жол қатынастарымен күрес және сауда кемелеріндегі өртті сөндіру сияқты түрліше жұмыстар жасалуда. 

Жексембі күні аяқталатын әскери жаттығуға Түркиядан Теңіз подполковнигі Бурак Акгүл қолбасшылығындағы F241 номерлі TCG Теңіз Тұрғыт Рейс ферегаты мен Теңіз капитаны Гөкхан Бекташ қолбасшылығындағы M262 номерлі TCG Енес мина тазалау кемесі 211 әскери қызметкермен қатысуда. 



Ұқсас жаңалықтар