Жолда бомба жарылды

9 адам қаза тапты.

1236175
Жолда бомба жарылды

Ауғанстанда жол шетіне орналастырылған бомба жарылып, 9 адам қаза тапты.

Елдің оңтүстігіндегі Кандагар уәлаятының Хакриз ауданында жол шетінде бомба жарылды.  9 адам ажал құшты.

Кандагар әкімі Хаятулла Хаят Хакриз ауданының Дерзаб ауылында жол шетіне қойылған бомбаның азаматтар мінген көлік өтіп бара жатқан кезде жарылғанын білдірді.

Жарылыста 18 адам жарақат алды.

Хаят бомбаны Талибан орналастырғанын айтты.



Ұқсас жаңалықтар