Зарифке виза берілді

АҚШ Джевад Зарифке виза берілуін бекітті.

1235654
Зарифке виза берілді

Америка Құрама Штаттары Сыртқы істер министрлігі БҰҰ-да өтетін бір жиналысқа қатысатын Иран Сыртқы істер министрі Джевад Зарифке виза берілуін бекітті.

АҚШ медиасында жарияланған хабарларда визаны АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпеоның өзі бергені айтылды.

Хабарларда «Зарифке виза берілмеген жағдайда,  екі ел арасындағы қарым-қатынастың одан да нашарлай түсу ықтималы болғандықтан виза берілді» деп жазылды.

Америка Құрама Штаттарының президенті Дональд Трамп маусым айының аяғында Иранның АҚШ-тың бір ұшқышсыз әуе аппаратын құлатқаны себебімен Иран лидері Аятолла Әли Хаманейді де қамтитын түрде санкция жүргізетін жарлыққа қол қойған болатын.

Сол күні АҚШ Қазына министрі Стивен Мнучин Иран Сыртқы істер министрі Зарифтің де санкция тізіміне алынатынын білдіріп,  алайда АҚШ әкімшілігі осы тақырыпта бір қадам баспап еді.



Ұқсас жаңалықтар