Иран АҚШ-пен келіссөз жүргізілгені жайлы хабарларды теріске шығарды

АҚШ пен Иран арасында Ресейдің бітімгерлігімен келіссөздер жүргізілгені алға тартылған болатын.

1235475
Иран АҚШ-пен келіссөз жүргізілгені жайлы хабарларды теріске шығарды

Иран Сыртқы істер министрлігі мәлімдемешісі Сеййид Аббас Мусеви елінің Ресейдің бітімгерлігінде АҚШ-пен келіссөздерді бастағанын жөніндегі қауесеттерді теріске шығарды.

Иран ресми хабар агенттігі ИРНА-ға қарағанда Мусеви Тегеранның Мәскеу арқылы АҚШ-пен келіссөз жүргізгені жайлы хабарларға наразылық білдіріп, «Иран ешбір деңгейде АҚШ-пен келіссөз жүргізбейді» деді.

Иран мен АҚШ-тың сыртқы істер министрлігі деңгейінде Ресейдің бітімгерлігімен келіссөздер жүргізілгені алға тартылған болатын.



Ұқсас жаңалықтар