Иран Атом Энергиясы ұйымы Иранның уранды байыту мөлшерінен асқанын хабарлады

"Иран 3.67 пайыздың үстінде уранды  байытты" делінген мәлімдемеде Иранның белгіленген мөлшерден қаншалық асырғаны анық айтылмады.

1233007
Иран Атом Энергиясы ұйымы Иранның уранды байыту мөлшерінен асқанын хабарлады

Иран Атом Энергиясы ұйымы (UAEA) Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің 5 тұрақты мүшесі және Алмания мен Иран арасында 2015 жылы қол қойылған Көлемді Ортақ әрекет жоспары (KOEP) аталған ядролық келісім аясында Тегеранға берілген 3.67 пайыз мөлшерінде уранды байыту мөлшерінен асырғанын хабарлады.

Иран Атом Энергиясы ұйымынан (UAEA) жасалған мәлімдемеде  агенттік бақылаушыларының Көлемді Ортақ әрекет жоспары (KOEP) аталған Иран ядролық келісімі аясында шешімі қабылданған уранды байытуға байланысты дәрежеден асқаны анықталғаны білдірілді. 

"Иран 3.67 пайыздың үстінде уранды  байытты" делінген мәлімдемеде Иранның белгіленген мөлшерден қаншалық асырғаны анық айтылмады. 

Тегеран әкімшілігі АҚШ-тың ядролық келісімнен шегінуінен кейін бастаған экономикалық эмбарголары себепті келісімдегі мүдделеріне жете алмағаны себепті келісімнің тараптар елдері Ресей, Қытай, Ұлыбритания, Алмания және Франциядан аталмыш мүдделерін қамдауды сұраған, талаптары орындалмағандықтан уранның мөлшеріне байланысты кепілдікті атқармайтындарын жариялаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар